
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен облысқа қарасты Арал ауданында Құран жарысы ұйымдастырылды.
Құран оқу жарысына облыс бойынша 20 шәкірт қатысты. Нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласы, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің шәкірті Ерәли Бақытжан (100 000 теңге сыйақы), ІІ орынды Қызылорда қаласы, "Қалмұхаммед Ишан" мешітінің шәкірті Нұрмұхаммед Көптілеуұлы (75000 теңге), ІІІ орынды Қызылорда қаласы, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің шәкірті Серік Мақаш (50000 теңге) иеленді.
Жарысқа қатысушы шәкірттерге 15 000 теңге ақшалай сыйақы үлестірілді. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм ауылында Дүйсенәлі Нұрмұхаммедұлы атаның 100 жылдығына орай өткізілген шарада ұрпақтары арнайы ас берді. Жарысқа қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков қатысып, Құран оқудың маңыздылығы туралы уағыз айтып, жарысқа қазылық жасады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі.