Қазалыдағы қауырт қимыл

Облыстың солтүстік беткейінде орналасқан  Қазалы ауданында егін орағы сәт санап қыза түсуде. Қысқа күнде сан құбылатын ауа райының ашық – жарқын сәтін ұтырлы пайдалануды көздеген дихан қауым уақытпен санасуды ұмытқан сыңайлы. Қайда құлақ түрсеңізде қуатты техниканың  үнін естіп, ерсілі–қарсылы ағылған қорабы дәнге толы жүк көліктерін көресіз.
 Аудан көлемінде күрішті жаппай оруға 15-ші қыркүйектен бастап кіріскен болатын. Нақты кезеңде басты дақыл күріштің 4107 гектары (60,4 %) орылып, 2968 гектары (43,6 %) бастырылды.  Қырманға 12698 тн күріш салысы құйылса,  гектарына шаққанда орташа өнім 42,8 центнерден айналуда.
Қазалы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі берген мәліметке сүйенсек ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 17 355 гектар жерге орналасса, оның  6800 гектарын күріш дақылы құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 130 гектарға артық деген сөз. «Не ексең соны орасың». Егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар биыл минералдық тыңайтқыш пен егіс арамшөптеріне қарсы қажетті гербицидті жеткілікті мөлшерде сатып алды. Оған қоса дақылдардың өсу дәуірі барысында оңтайлы мерзім ішінде тиісті агротехникалық шараларға сай күтіп-баптау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілді. Сондай –ақ шаруашылықтар егілген күріштің 5150 гектарын(меже 100 %) үстеп қоректендіріп, 5550 гектарына арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жасады. Егістікті сумен қамтуда проблемалық мәселелер орын алған жоқ. Ал мұның қаншалықты маңызды екені саладан хабардар жандарға жақсы аян. Егілген 600 гектар сүрлемдік жүгерінің екі мәрте  култивацияланып  үстеп қоректендірілгенін атап кеткен жөн. Жаздық бидай да  толық жинап алынып, әр гектардың орташа түсімі 10,5 центнерден айналды. Ауданда 600 гектар жерге егілген сүрлемдік жүгерінің де шығымы бөтен болмады.  
Күріш орағына 48 жатка, 70 комбайын, 160 трактор, 54 жүк көлігі мен 62 трактор тіркемесі қатысуда. Осынау техникалардың ішінде бірқатар шетел фирмаларынан шыққан жоғары өнімді заманауи техникалар  жұмыс жасауда. Науқанға қатысатын техникаларға керекті қосалқы бөлшектер,  қою май мен жағар майдың қосымша қорлары қажетті көлемде қамтылған. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарына жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен босатылатын  дизель отынын жеткізіп беруші операторлыққа «Нефтьтранс-Қызылорда»ЖШС белгіленіп,  шаруашылықтарға  жеткізілуде.іп отыр. Шаруашылықтар өз қаражаты есебінен нарықтан 120 тн дизель отынын,  21 тонна қою май дайындағанын , ағымдағы жылға егіншілік саласын субсидиялауға  322,5 млн теңге субсидия төленгенін айта кетсек.
Алдағы жылдың егісіне күріш, жаздық бидай,  мақсары мен жоңышқа тұқымы дайындалып, сүдігер көтерілуде.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2017 г. 1 029 0