« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Татуласу және бітімге келу рәсімдерін тиімді жүзеге асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов, облыстық Ішкі істер департаментінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Камитбеков, облыс прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов, «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің директоры Ляззат Бактибаева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев, облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Куаныш Шүкіров, облыс соттарының судьялары, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ҚР ҚК-нің 68 бабын және АПК-нің 277-бабына сәйкес бітімге келу рәсімдерін дамыту және тиімді жүзеге асыру тәжірибесі талқыланды.
Іс-шараны ашқан Қамбар Нұрышев облыс көлемінде бітімгершілік рәсімдерін насихаттап, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын түсіндіруге бағытталған жұмыстардың қарқынды жүргізілгенін атап өтті.
«Дөңгелек үстел» шеңберінде халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында облыстық сот пен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Шара барысында облыс прокурорының аға көмекшісі Аскар Кемалов, ОІІД-ң Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Камитбеков, Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Куаныш Шүкіров сөз сөйледі. Баяндамашылар кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін жүргізу барысында қылмыстық қудалау органдары және тергеу мен анықтау жүргізу кезінде онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейін ҚР ҚК-нің 68 бабына сәйкес ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдану барысы мен статистикалық деректерді айтып өтті.
Сотқа дейін және сотта ҚР «Медиация туралы» Заңының жүзеге асырылу кезінде туындап отырған кедергілер мен оларды шешу жолдарының түйткілді мәселелеріне «Медиацияны дамыту орталығының» Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің директоры Ляззат Бактибаева тоқталды. «Бүгінгі күні қылмысты ашу және тергеу басқармаларымен тараптарға медиаторға жүгіну құқығы түсіндірілмеуі салдарынан жеңіл және аса ауыр емес санаттағы істер тек сот барысында ғана қысқартылуда», - деді Л.Бактибаева. Сонымен бірге, ол өз сөзінде медиаторлардың кәсіби және кәсіби емес деп бөлінуі халық арасында біршама теріс пікір қалыптастырып отырғанын, кәсіби емес деген сөздің өзі медиаторлардың біліктілігіне күмән тудыратынын жеткізді.
Ал, облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов және қалалық соттың төрағасы Мұхтар Еркінбеков кәсіпқой емес медиаторлардың құқықтық білімі мен рөлін жоғарылату мәселелерін кеңінен сөз етті.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша медиаторлардың қолжетімділігі үшін тергеу орындарын кәсіби медиатормен қамтамасыз етуді, Қызылорда қалалық әкімдігінде тіркелген медиаторлардың арнайы ресми сайтын ашуды ұсынды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |