Шағын футбол қорытындыланды

Облыстағы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «И.Илин» атындағы саябақта шағын футбол жарысы өткізілді.
Шара салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында жұмыссыз жастар және мешіт жамағаттары арасында ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Шара қорытындысы бойынша Ақмешіт жамағаты құрамасы үздік деп танылып, Айтбай мешіті жамағаты құрамасы екінші орынға табан тіресе, Ыбырайым Молда мешіті жамағаты құрамасының жастары үздік үштікті қорытындылап бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар жоғары белсенділігімен және үздік ойын өрнегімен көзге түскен қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша дипломдар табысталды. Жарыс жоғары деңгейде, әрі тартысты өтті.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2017 г. 537 0