Тіл білімін арттыруға арналды

«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры «Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын арттыру» жобасы аясында 13-15 қыркүйек күндері «Журналистердің шет ел тілінде ақпарат алу мүмкіндігі» тақырыбында кәсіби бағытта оқыту курсын ұйымдастырды.

Оқыту курсына облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, меншікті тілшілер, әлеуметтік желі белсенділері, журналистика мамандығында білім алатын студенттер қатысты. Негізгі мақсат – бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистердің тілдік базасын арттыру, cалалық журналистиканы жаңа деңгейге көтеру, ақпарат алмасудың жаңа формациясын қалыптастыру. Сонымен қатар, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистерді кәсіби тіл курстарына тарту, журналистердің ағылшын тілінде ақпарат алмасуына жағдай жасау.

Үшкүндік оқыту қурсының қорытындысы ретінде өңір журналистері семинар-тренингте бас қосты. Семинар барысында шетелдік басылымдарда жарық көрген ақпараттар талқыланып, жаңалықтар сарапқа салынды. Сондай-ақ, қызылордалық журналистер ағылшын тілінде заметка жазып үйренді. Оқытушы тарапынан үйге сұхбат жасау үшін белгілі бір саланың маманы таңдалынып, оған қойылар сұрақтарды (ағылшын тілінде) дайындап келуге тапсырма берілді. Ағылшын тілінде тілдік базаны көтеруге арналған фильм көрсетіліп, ойындар ойналды.

Қазақ тілді журналистердің тілдік базасын арттыруға бағытталған семинар қорытындысында журналистерге сертификат табысталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2017 г. 1 137 0