« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, «...ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оның алдын орай жаңғыртумен сүйемелденуі тиіс…» деген болатын. Яғни, көмекке мұқтаж адамдардың өмір сапасын жақсартатын өзгерістерге бет бұруымыз керек.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасының жобасы әзірленген.
Жобада арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар жасалмақшы. Әсіресе, ауылдық жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қолжетімді болуы тиіс.
Ол үшін:
Біріншіден, осы шараларға жеке секторды тарту жоспарлануда;
Екіншіден, оларды ынталандыру үшін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың нақты шығыстарын ескеріп, қызметтердің тарифі және стандарттар қайта қаралмақшы, – деді Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Ергешбаев.
Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі. Қаржыландыру механизмін өзгерте отырып, олардың жалақысын көбейту сұрағы қаралмақ.
Әлеуметтік қызметтер жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы жобасының негізгі мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жеткілікті және қажетті деңгейге жеткізу.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмдерін жетілдіру негізінде мұқтаж азаматтарға қызмет көрсету түрлерін таңдау қолжетімділігін ұсынбақшы.
Бұл деген қоғам дамуының, жаңа қырымен жаңғыра түсуінің кепілі емес пе? Жаны жүдеу жандардың қасынан табылып, оларға деген қоғамның құрметін асқақтату өркениетті елдің өрелі ісі болмақ.
Айталық, Сыр елінің бас қаласы Қызылордада жүрген соңғы үлгідегі қоғамдық көліктердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар, автобусқа мүгедектер арбасымен мінетін ашылмалы пандус пен мекемелер және жеке нысандар алдындағы пандустар осының нәтижесі.
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы арнайы қызмет көрсету терезесі де, теміржол вокзалындағыдай арбада отырған адамдарға билет сатуға лайықталған кассалық терезелер де бар. Бұның барлығы болашаққа жасалып жатқан нық сенімді қадам.
М.МОЛДАБАЕВ,
Облыстық мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы
басқармасының басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |