
Қоғамдық мониторинг тобының мүшелері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында халыққа қызмет көрсету сапасымен танысып, қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардан туындаған өзекті сұрақтарға жауап беріп, өтініштерді қанағаттандыру мақсатында қала әкімдігіне ұсыныс келтірілді.
Сонымен қатар, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне, оның ішінде көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру тәртібіне мониторинг жүргізіліп, Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімшесінің полиция қызметкерлері мен орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында баяндамалар оқылып, қатысушылардан туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.