
Бүгін Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан "Болашақ" университеті студенттерінің қалашығы құрылысының кірпішін қалау рәсімі ресми түрде өтті.
2020 жылы аяқталатын құрылыс "Болашақ" университетінің 12 қабаттық кампусын, "Болашақ" колледжінің ғимаратын, "Болашақ" медициналық колледжінің ғимаратын, клиникасын, сондай- ақ, 3000 орындық студенттер үйін, мегаорталық, дендросаябақты қамтиды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев өз сөзінде жаңа ғимарат салынуымен құттықтап, "Болашақ" жастарын білім алуға, үш тілді меңгеруге, ғылымға үлес қосуға шақырды.