Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі басталды.
Сыр өңірінен келген шаруалар елордадағы астық мерекесіне 270 тонна өнім əкелді. Елордалықтар үшін күріш пен қауын, балық пен ет өнімдері арзан бағада босатылуда. Үстіміздегі жылы осымен 4 мəрте ұйымдастырылып отырған жəрмеңке "Қазақстан" спорт кешені маңында өтуде. Арзан бағада азық-түлік алам дейтін астаналықтарға Сыр өңірінің жəрмеңкесі екі күнге жалғасатындығын ескертеміз.







ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қыркүйек 2017 г. 576 0