
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, №9 ҚҚ дабылды ескерту.
23-25 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел, шаңды дауыл сақталады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.