Құрметті қызылордалықтар, 23-ші қыркүйек күні сағат 11:00-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қызылорда облысы татар этномәдени бірлестігімен бірлесе отырып, Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақ ССР-нің денешынықтыру және спорт саласының еңбек сіңірген қызметкері Фаат Хамитұлын еске алуға арналған акватлон ойыны бойынша турнирі болып өтеді.
Акватлон – ол судағы және жердегі спорттық күрес. Акватлон үйлесімділікті, ептілікті, дамытып, өз дене бітіміне толықтай иелік ететін көріністік әрі құмар спорт ойыны.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі