
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тіл маманының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдерінің мерекесіне орай қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұқтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылдығына арналған ақынның өмірі мен шығармашылығынан «Не? Қайда? Қашан?» атты командалық сайыс өткізілді.
Сайысқа ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесі қызметкерлерінен құралған «Қыран» тобы, ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлерінен құралған «Тіл жанашырлары» тобы, ЗК-169/5 мекемесі қызметкерлерінен құралған «Тіл сақшылары» және Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлерінен құралған «Сөзмерген»командалары қатысты. Сайыстың мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Сайыс 3 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушы командаларға Мұқтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан 5 сұрақтан қойылды. «Қара жәшік» аталатын кезеңде жәшікте жасырылған заттың не екенін табу. Қара жәшікте М.Әуезовтың романдары мен повестері болды. Ұлы жазушының романдары мен повесттерінен үзінділер оқылып, қандай роман , повест екендігін табу болатын. ЗК-169/5 мекемесінің «Тіл сақшылары» командасы қара жәшіктегі М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» повесін жаңылмай тапты. Соңғы кезеңде команданың капитандары сынға түсті. Капитандарға үш сұрақтан койылды. ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің команда капитандары Д.Ералиев, Ә.Рахманов үш сұраққа да мүдірмей жауап берді.Сайыстың әділ өтуіне қазылық еткен ҚАЖД бас мамандары С.Баймурзаева, Ж.Есмаханов, Н.Сарманов командалардың сұрақтарға толық және нақты жауап берулеріне назар аударды. Сайыс қызу және өте тартысты өтті.Әділқазылардың шешімімен 1 орынды ЗК-169/5 мекемесінің «Тіл сақшылары» командасы еншілесе, ІІ және ІІІ орынды «Қыран» және «Тіл жанашырлары» командалары бөлісті. Жүлделі командалар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен марапатталды.
Дана Достанова. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД