Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алғыс хатпен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі - Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленген.
Айтулы күнге байланысты Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы 22 қыркүйек күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында «Тілі бірдің – тілегі бір» атты облыстық жастар форумын өткізді.
Шара барысында облыста мемлекеттік тіл саясатының оңтайлы жүргізілуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мен белсенді жастар марапатталды. Солардың қатарында тілдерді дамыту іс-шараларына атсалысып жүргендігі үшін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов та Алғыс хатпен марапатталды

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қыркүйек 2017 г. 500 0