
Оқушылар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кентінде орналасқан №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің 30 жоғарғы сынып оқушысына №10 Өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік барысында оқушыларға алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру техникалары таныстырылып, төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі», «Судағы төтеше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар, «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына» күндізгі оқу бөліміне үміткерлер жинау мақсатында қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД