« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Көпшілік қауымға жылы әсерін қалдырған әсерлі кешті осылай бағамдасақ артық емес. Бұл аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруы, «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен өткен «Поэзия әлемі» атты поэзия сағаты болатын. Шараны аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, ақын, дәулескер күйші Жұмабай Жақып ашып, көрермендер мен ақындарға игі тілегін білдірді.
Тартымдылығымен есте қалған поэзия сағатында Н.Төлепов, Абай Елеш, Ш.Балманова, А. Қыстаубаев, Г.Әйтімова сынды өмір жолдарын өлеңмен өрнектеген, салиқалы ойды салмақтап қағаз бетіне кестелей білген ақындар қатысып, өз шығармаларын жұртшылыққа ұсынды.
Шарада шайыр Нұртуған Кенжеғұлұлының «Кәнеки, тілім сөйлеші» термесін, Серік Сейтмағанбетовтың «Соңғы монологын», Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған Айбек Тәңірбергеновтың «Аяулы менің-Отаным», Мұқағали Мақатаевтың «Ойлан, балам» басқа да әндерді нақышына келтіре шырқаған аудан өнерпаздары көрермендердің ілтипатына бөленді.
Кеш соңында мәдениет орталығының директоры Маруся Нұрмағанбетова баршаға ризашылығын айтып, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж.Жақып поэзия сағатына қатысқан ақындарға арнайы «Алғыс хат» табыс етті.
Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |