Қала көркі айшықтала түсті

Аудан орталығында Арал қаласының күндеріне орай қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінде қаладағы басты Сапақ би және Бақтыбай батыр көшелерінде осы апта басында басталған жөндеу жұмыстары жалғасуда. 
Бұдан бөлек, жұмысшы топ базар маңында орналасқан Әбдікер Қаюпов атындағы көшеге жаңадан жол салыну жұмыстарын атқаруда. Жаңа жол салуға облыстық бюджеттен 31 млн қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, қала күндеріне орай жылдағы дәстүр бойынша жаппай қала көркін әрлеу, жөндеу, көркейту, санитарлық тазалау жұмыстары қыза түсті. Атап айтқанда, жеке үйлердің ауласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар, көше бойында жалпыға қызмет көрсететін нысандар (дүкен, сауда орталықтары, дәріхана, кафе, мейрамхана, асхана, мекемелер)толықтай тазартылып, сыртқы келбеті қайта жаңғыртылуда.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қыркүйек 2017 г. 631 0