« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жергілікті тұрғын Төлеген Жетібаевтың бақшасынан «Алла», «Мұхаммед» деген жазуы бар қызанақ өсіп шықты. Бағбан аталған бақша өнімін жергілікті мешіт қызметкерлеріне оқытқан.
Қала тұрғыны қызанақты жұлып алардан бұрын ерекше оқиғаның болғанын айтады.
– Бір күн бұрын түнде ұйықтап жатып түс көрдім. Түсімде ақ киімді ақсақал батасын берді. Одан соң қызанақтың өсіп тұрған жеріп айтып белгі беріп, мешіт қызметкеріне апаруымды ескертті. Ертесіне әлгі қызанақты дәл сол жерден таптым. Содан мешітке апарып жазуды оқытып, құран бағыштаттым. Сонымен қатар, бұл қызанақты аяқасты етпеуді, солғаннан кейін ақ шүберекке орап сақтап қоюды тапсырды, – дейді өзі.
Ол бұл белгінің тегін еместігін айтып отыр. Мұны Құдайдың берген несібесі деп бағалайды. Осындай жағдаймен өмірінде бірінші рет кезігіп отыр екен.
Төлеген Жетібаев 25 жылдан бері бағбандықпен айналысып келеді. Оның ауласында алма, алмұрт, шабдалыдан бөлек, бізде кездесе бермейтін жаңғақ, анар және жүзімнің түр-түрі бар. Негізгі мамандығы – теміржолшы.
М.ҚҰРМАНӘЛІ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |