
Кеше Жалағаш ауданы Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев модераторлық жасады.
Семинарда философия ғылымдарының кандидаты, дінтану кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі, Астана қаласы Дін істері басқармасы Астана қаласы бойынша сарапшы, Дін істері комитеті Ғылыми зерттеу және талдау орталығының сарапшысы Кеңшілік Тышхан «Экстремизмнің алдын алу халықаралық және еліміздегі тәжірибе және проблемалар, зерттеу» тақырыбында түсіндірме жасады.
Семинарға аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері, ҚМДБ қарасты барлық мешіт имамдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, сұрақ – жауап алмасты. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
Дәл осы күні өңірдегі тұрақты діни ахуалды сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағытында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Руханият және дәстүр» атты семинарға ұласты. Семинарға аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері, ҚМДБ қарасты барлық мешіт имамдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері, Жалағаш аудандық «Қоғамдық кеңес» мүшелері, «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағалары қатысып, сұрақ-жауаптарымен, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Семинарда философия ғылымдарының кандидаты К.Тышхан «Дін және дәстүр» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, семианарға қатысушыларға сертификат табыстады.