« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев жыл басынан бері департаментте көрсетілген мемлекеттік қызмет жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді.
Бүгінде мұнда қызмет түрлерінің 88,6 пайызы электрондық нысанда көрсетіліп отыр. Салық есептіліктерінің 99,2 пайызы электронды түрде тапсырылған. Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, тұтынушының бізге деген сенімінің деңгейін бағалау мақсатында «САНДЖ» тәуелсіз әлеуметтік зерттеу агенттігі 2016 жылдың қорытындысымен жүргізген сауалнама нәтижесінде Қызылорда облысы тұтынушылар тарапынан сенімге ие болған алдыңғы бестіктің қатарында болды.
Заңнамалық реформалар аясындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыруға бағытталған өзгерістердің бірі – биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап – дара кәсіпкерлікті тіркеуге қатысты. Бүгінде тіркелу үшін мемлекеттік кірістер органдарына тек хабарлама жөнелту жеткілікті. Жыл басынан бері осы жеңілдетілген әдіспен тіркелген дара кәсіпкерлер саны 4223 болып отыр (2016ж. - 3133).
Келесі бағыт сауда операцияларына қатысушылар арасында электрондық түрде шот фактуралар жазып беруді және алмасуды нақты уақыт режимінде жүргізу. 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап ерікті түрде электронды шот-фактура жазу жүйесі қолданыста. Бүгінгі күнге облыс бойынша барлығы 10884 салық төлеуші ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркелген. Бұл – осынша салық төлеуші айтарлықтай шығыны мен уақытын үнемдеп отыр деген сөз.
Сонымен қатар, салықтық және кедендік тексерулердін нәтижесін жоғарылатуға ықпалын тигізетін өзгерістер қолданысқа енді. Аудиторлық ұйымдар тексеруге алуы үшін нысанның жылдық жиынтық табысы осыған дейінгі 60 000 айлық есептік көрсеткіштен 120 000 айлық есептік көрсеткішке өсті. Салықтық тексерудің актісін алдын ала ұсыну тәртібі енгізілді. Бұл тәртіп салық төлеушіге салықтық тексеру актісімен келіспеген жағдайда жазбаша қарсылық беруге мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бұл артықшылықты мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілер қолдана алады. 2019 жылдан бастап кедендік және салықтық тексерулер барысында электронды аудит жүргізу көзделеді. Кедендік қызметтер көрсету сапасы тауарларды кедендік тазартудан өткізу уақытымен өлшенеді. Біздің облыста, осы жылдың 8 айындағы орташа көрсеткішпен, тауарды импорт амалында босату үшін 59 минут, экспортқа шығатын тауарды тазартудан өткізуге 4 минут жұмсалады. Түсінікті болу үшін салыстыра кетсек болады: орташа республикалық көрсеткішпен импортқа 4 сағат 35 минут, экспортқа 32 минут жұмсалып отыр.
Экономикалық реформалардың бір негізі - кеден саясатын жетілдіру, кедендік амалдарды оңтайландырумен байланысты. «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 38 қадамына сәйкес, тауарға арналған декларацияны ұсыну кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін электронды декларациялаудың жаңа нысаны АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі енгізілуде. Бұл ақпараттық жүйе Бүкіләлемдік сауда ұйымының нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған. Өткен жылы республиканың әр өңірінде қанатқақты (пилотное применение) сынақтар басталған. 2017 жылдың ақпанында біздің департаменттің қызмет аумағында да қанатқақты сынақтар басталып, 782 тауарлар декларациясы толтырылып байқалды. Қазіргі кезде «Қызылорда-кедендік ресімдеу орталығының» мамандары және кеден өкілдері арнайы оқудан өтті (бағдарламаны ұсынушы тарап мамандары оқытты), жаңа жүйемен жұмыс жасауға біз дайынбыз.
Екінші басымдық - шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейту. Соңғы жылдары облыстағы мұнай өндіру көлемі төмендеп, ірі инвестициялық жобалар азайып келеді. Соған қарамастан, біздің департамент мемлекеттік бюджетті толтыруда тұрақты қарқынмен жұмыс жасап отыр. Бюджет кірісінің өсу қарқыны ішкі өңірлік өнім көрсеткішіне қарағанда 2015 жылы 6,6% болса, 2016 жылы - 7,2% жетті. Биылғы жылдың 8 айында да өсім қарқыны сақталуда. Шоғырландырылған бюджетке түсім, өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда, 37,6 млрд.теңгеге (36,1 пайызға) артты. Департамент мемлекет тайқазанына 8 айда 141,4 млрд.теңгенің түсімін қамтамасыз етті, республикалық бюджет жоспары 111,3 пайызға, жергілікті бюджет жоспары 117,7 пайызға орындалды. Қосымша резерв көздерінен бюджет 5,4 млрд.теңгеге толықты. Салықтық тексерулер (128 кешенді және тақырыптық) нәтижесімен 3,5 млрд.теңгенің қосымша салықтары есептелді, камералдық бақылау қорытындысымен қосымша 1,7 млрд. өндірілді. Салық базасын ұлғайту мақсатында Облыс әкімінің тікелей қолдауымен арнайы мәжілістер өткізіп, нақты жүйелер мен бағдарламалар арқылы өзара әрекетті үйлестіріп, жергілікті құзыретті органдармен өзара тығыз байланыста жұмыс жасау тәжірибесі бар. Облыс әкімінің тапсырмасымен әрбір ауылдық округ бойынша шағын несие алып кәсіп жасап, алайда табысын көрсетпей отырған тұлғаларға тегіс түгендеу жүргізілді. Бірлескен шаралардың көмегімен 981 жеке тұлға дара кәсіпкер болып тіркелді. Оның ішінде, мысалы, пәтерін жалға берушілер 291, такси қызметімен айналысушы 69, базарда түрлі қызмет көрсетушілер 140. Әр ауылдар мен қаладағы күн сайын әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұтыну игілігін көтеріп отырған тұрғындар арасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік салықтары бойынша да өсімге қол жетуде. Жыл басынан бері өндірістік емес төлемдерден 681 млн.теңгенің қосымша көзі анықталды. Экономиканы дамыту мен жаңғырту қаншалықты қарқынды болса, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі соншалықты өзекті. Биылғы жыл басынан департаменттің экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 232 қылмыстық іс болды, олардың 140-ы аяқталып, 69 іс сотқа жолданды. Келтірілген залал сомасы 3,6 млрд.теңге, қалпына келтірілгені – 2,4 млрд.теңге. 415,2 млн.теңгенің қаржысы мен мен мүлкіне шектеу қойылған. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 5, қылмыстық жолмен табыс табудың 3 фактісі анықталып, бұл бағытта 2 іс сотқа жолданды. Заңсыз «онлайн-казино» ұйымдастыру бойынша өндірісте 37 іс болды, оның 37-сі аяқталып, 32 іс бойынша заң бұзушылар сотқа берілді. Алкоголь өнімдеріне қатысты 9 қылмыстық іс тіркеліп, 6 іс материалы сотқа жөнелтілді. 355075 бөтелке арақ өнімі заңсыз айналымнан алынды. Бюджет қаржысын қымқыру және мақсатсыз жұмсау саласында 67 іс өндіріске алынып, оның 51-і аяқталды. Келтірілген залалдың сомасы 687,5 млн.теңге, 93 пайызы қалпына келтірілді. Салық және кеден саласындағы құқықбұзушылықтарға қатысты өндірісте болған 38 істің 31 аяқталды. 1,6 млрд.теңгенің залалы мемлекетке қайтарылды. Негізгі экономикалық қылмыстар сипаты осындай: құзыреттілікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен табыс табу, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын сияқты қоғамдық көріністерді қамтиды. Айта кету керек, барлық қылмыстық істердің жүргізілуі прокуратура органдарымен келісіледі, қылмыстық процесстер барысында бірде-бір тұлғаның конституциялық құқығы бұзылған жоқ.
Жолдаудың салық саясатын жетілдіру бағытындағы келесі басымдығы – салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру. Біз қолданыстағы бірнеше реформалар туралы айтып отырмыз. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің редакциясы жасалып, талқылануда. Жаңа заң салық дауларын азайтуды, тексерулерді азайтуды, шағын және орта бизнеске қолайлы режимдер ұсынуды, салықтық өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазіргі талқылаудағы жаңа Жоба бойынша, көпшілікті қызықтыратын негізгі өзгерістердің қатарында мыналарды атауға болады: - патент негізінде арнайы салық режимдерін қолданушы салық төлеушілер үшін салық ставкасын 2 пайыздан 1 пайызға төмендету көзделген;
- жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимімен жұмыс жасаушы дара кәсіпкерлерге есепті кезеңдегі шекті табысының (предельный доход) көлемін 1400 төменгі айлық мөлшерінен (34 242 600 теңге) 2800 еселенген төменгі айлық мөлшеріне (68 485 200 теңге) дейін көбейту қарастырылған;
- шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық міндеттемесі және талабы бойынша талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға төмендетілетін болады;
- шаруа қожалықтары және фермерлер өзінің жеңілдік режимін сақтай отырып, ерікті ҚҚС төлеуші бола алады. Оларға қосымша қызмет түрлерімен айналысуға құқық беріледі және жеңілдетілген режимін сақтайды. Яғни, кооперативтерге кіруге шектеу болмайды, бірнеше ауылшаруашылығын өндіруші кәсіпорындарда құрылтайшы бола алады;
- салық төлеушінің адалдық қағидасы енгізіледі деп күтілуде. Яғни, салық заңнамасы қате түсіндірілген немесе нақты, дәл емес түсінік болған жерде шешім салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады.
Жаңа Кодекс жобасын жасау барысында салық төлеушілердің түрлі пікірлері мен талаптарын ескере отырып, біз де өз ұсыныстарын жолдаған болатынбыз. ҚР ҚМ МКК-нің қызметкерлер үшін арнайы ашылған «Эврика» сайты бар, биылғы жыл басынан бері осы сайтқа біздің қызылордалық әріптестер тарапынан 78 түрлі идеялар мен ұсыныстар орналастырылды. Ақпарат құралдарының назарына жеткізуге асығатын жағымды жаңалықтарымыз да бар. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі қызмет салалары республикалық рейтингпен бағаланады. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өткен 2016 жылды рейтингтің төртінші баспалдағымен қорытындылаған болатын. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында біз 2 орында болсақ, бірінші жартыжылдықта республика бойынша 3 орынды иелендік. Бұл - біздің жұмысымыздың көрсеткіші. Брифинг мемлекеттік кірістер органдарының қызметін халыққа жеткізіп қана қоймай, азаматтардың салықтық міндеттемесін орындау туралы парызын тағы бір мәрте есіне салады деп сенеміз.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |