« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті. Байқауға қала өрт сөндіру бөлімшелерінің 5 қызметкерден құрылған командалары қатысты. Қазылар алқасының құрамына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Мизанбаева Гүлзат және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы Нұрмаханова Сандуғаш қатысты.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Құлдықова Ақмарал баяндама жасады және қазақ тілінің тарихын мемлекеттік тілдің қалыптасу мәртебесін ашты. Ол өз сөзінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен халық өкілдері, 17 миллионнан астам адам тұратын, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, ал орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен бірге қолданылады. Мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлінгеніне қуанамын, ал бүгінгі байқау - бұл ең жақсы дәлел.
Байқау бірнеше кезеңнен болды, оның ішінде ақылдық пен шеберліктің жарыстары, мәтінді мемлекеттік тілге аудару конкурсы, шығармашылық нөмір. Командалардың жұмысын бағалау кезінде қазылар алқасы қазақ тілін жақсы меңгеруге, мақал-мәтелдерді білуге, сөйлеуге, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге, музыкалық нөмірлер мен әртіс шеберлігі ерекшеліктеріне назар аударды.
Нәтижесінде бірінші орын №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне, екінші орын №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеңіп алды. Үшінші орын №11 өрт сөндіру бөлімі ие болды. Жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, айрықша қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.
Сонымен қатар Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің тарихы» атты бүктемені дайындап, көрме ұйымдастырды. Мұнда қазақ тіліндегі сөздіктер мен сауаттылық кітаптары жинағы көрсетілді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |