Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Қызылорда облысында қыркүйек айында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Осыған байланысты Қызылорда қаласы ТЖБ қызметкерлері тілсіз жауды ескертуге, сондай-ақ халықтың назарына тілсіз жаудың қауіптілігін және алдын алу шараларын өрт болған жағдайда жарақаттануы мен қаза болуының алдын алу мақсатында іс шаралар кешені жоспарлануда.
Өрттің негізгі себебі, пешпен жылыту уақытында өрт қауіпсіздігі  ережелерін сақтамаудан және балаларға немқұрайлы қарағаннан болады.
Жыл сайын Қызылорда қаласының аумағында өрттің басым көпшілігі  тұрғын үй секторында орын алуда.  Қызылорда қаласында өткен жылдың 10-қыркүйегіне  дейін 166 өрт тіркелген, өрт салдарынан 2 адам қаза тапқан.
Жоғарыда айтылғанның негізінде халықтың ең көп ауқымын тарту үшін Департаменттің жеке құрамы ағымдағы жылдың 15-қыркүйегінде ауылдық округтерде Қазақстан-Қызылорда телеарнасын қатыстырып, сенбілік өткізді.
Сенбілікті бастар алдында Қызылорда қаласы ТЖБ бастығы Е.Альшеров жеке құрамға нұсқаулық өткізді.
Қызылорда қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е. Альшеров сұхбат барысында өрт қауіпсіздігі айлығының міндеті мен мақсатын баяндады және жылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екендігін айтты.
Ақпараттың тиімділігін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы қала көшелерінде дауысзорайтқыш арқылы құлақтандыру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытқа дейін 10475 тұрғын үй араланып, ондағы үгіт-насихат жұмысына 32548 тұрғындар қамтылды.  
Іс-шара барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтау,  сондай-ақ тұрғын секторды улы газдан сақтандыру мақсатында 33256 үнпарақ таратылды. Сонымен қатар ақпараттандыру құралдары қала бойыша 452 алдын-алу жұмыстарын, оның ішінде телеарнадан 12 бейнесюжет, жергілікті газет беттерінде 19 мақала, дауысзорайтқыш орнатылған орындардан 332 өртке қарсы тақырыпта ақпарат жарияланды.

Құрметті азаматтар! Көмір-қышқыл газынан уланудың алдын алу үшін төмендегі ережелерді сақтаған жөн:

Жылыту маусымы басталмас бұрын пешті тексеріп, жөндеуден өткізу,    

барлық түтін шығатын құбырларды, қабырғаларды тазалау,

екі айда кем дегенде бір рет мұржа құбырын тазалау,

пеш жаққан кезде көмір толығымен жанғанша, қалқалағышты жаппаңыз,

үй каминіне көмір жақпаңыз,

газды плитаны және «духовканы» үйді жылыту үшін пайдаланбаңыз,

газ жалғанған бөлмеде ұйықтамаңыз,

әрқашан  газ құбырлары орналасқан жерде ауаны тазарту,

газды плитаны қолданған кезде  газ тартқышты орнатуды ұмытпаңыз.

Өрт болған жағдайда жедел 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Қызылорда қаласы Төтеше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Альшеров.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2017 г. 781 0