20 қыркүйек: үсік жүреді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда найзағайлы жаңбыр болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
20 қыркүйек күні Қазақстанның кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай облысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-ке, Жамбыл облысында 23 м/с-ке жетеді.
Атырау, таңертең Қарағанды облыстарында тұман күтіледі.
Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүру қауіпі күтіледі
Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болмақ.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2017 г. 722 0