
Қызылорда облыстық ассамблеясы ақпараттық-насихаттық тобы 2017 жылдың 18 қыркүйегінде «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-ның кең орынының ұжымымен кездесу өткізді.
Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Қызылорда облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жұмабаев Асылбек Теңелұлы, «Русская община Казахстана» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Толоконников Владимир Петрович, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Шин Вилорий Николаевич және «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Усенбаев Бауыржан Серікұлы болды. Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағытын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру, этносаралық татулық пен қоғамдық келісім қағидаларын насихаттау, медиация мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беру.