« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |
2017 жылдың 12-16 күндері аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.
Шараның 5 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 2032 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша) – 41, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) - 356, белгіленген жүру жылдамдығын шамадан тыс арттыру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы) – 272, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы, 1-бөлігі) – 668, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы) – 80, жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) – 30, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 1-бөлігі) – 119, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы) – 96 құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, шара барысында жол жүрісі ережесін бұзған 31 қоғамдық автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |