ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ЖАЙЛЫ ОЙ

Облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Студенттер сарайында» «Рухани жаңғыру жолындағы жастар тәрбиесі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. 

Шараны облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов жүргізді. Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ербол Рүстемов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректорының көмекшісі Айтжан Оразбақов, ҚМУ профессоры Қазбай Құдайбергенов, университет жанындағы «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы Назира Аймаханова, оқытушы Әлібек Жаппасбаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Бахтияр Оспанов хабарлама жасады.

Шарада рухани жаңғыруға, жастар тәрбиесіне, дәстүрлі дінге, теріс ағымдарға қатысты әңгімелер айтылды. Отырысқа қатысушылар пікірлерін білдіріп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.


А.АҚЫЛБЕКОВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2017 г. 585 0