
Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, 8 қыркүйек күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде жауын жауып, желдің күшеюі күтіледі.
Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, екпінде жел соғады.
Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Қостанай облысында тұман болады.