« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бүгін ҚР Ұлттық ғылыми академиясында Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесі «Латын қарпіне көшу – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиыннан кейін ҚХА мүшелері қазақстандықтарға арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Кеңесте үндеудің мәтінін «Оборек» украин мәдени бірлестігінің төрайымы Тамара Ширмер оқып берді. «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі Қазақстанның әрбір азаматына қатысты. Сондай-ақ, бұл қадам еліміздің XXІ ғасырдағы дамуының, оның экономкалық, әлеуметтік және рухани жаңғыруының жаңа кезеңін ашады», - деді спикер.
Сонымен қатар ол Қазақстан Халқы Ассамблеясына қарасты әрбір ұйымның жаңа әліпбиді талқылау мен қолдаудың бірыңғай республикалық күнін өткізгенін айта келе, бұл қадамның тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи қадам – мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуін іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсау жөнінде тастүйін шешімге бекінгенін білдіреді. Біз бәріміз де өзіміздің тәуелсіз таңдауымыздың тек біздің жалпыұлттық мүдделерімізбен – татулық пен келісім, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және сана ашықтығы мүдделерімен байланысты екенін анық түсінеміз. Бұл – объективті қажеттіліктен туындаған уақыт талабы», - деді ол.
Осы орайда Тамара Ширмер латын әліпбиі еліміздегі ұлттар арасындағы достықты одан әрі нығайта түсетінін алға тартты. «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жалпыұлттық біріктіру факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі биіктете түсетініне, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтатынына, ұлттық кодымызды сақтауды қамтамасыз ететініне нық сенімдіміз», - деді ол.
Сонымен қатар спикер жаңа әліпби елімізді дамыған елдердің қатарына қосуға мүмкіндік беретінін жеткізді. «Латын әліпбиін енгізу – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің отыздығына енуіне бағытталған, жаңғырту реформаларына толығымен сай келетін және олардың ажырамас бөлігі ретіндегі прагматикалық сындарлы қадам», - деді украин мәдени бірлестігінің төрайымы.
Сөз соңында Тамара Ширмер қазақстандықтарды латын әліпбиін қолдауға әрі жаңа әліпбиді талқылауда белсенді болуға шақырды. «Біз еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиін талқылау және қабылдау бойынша жұмысты қолдауға, қуатты да өркендеген Қазақстанды құруымыз үшін Мемлекет басшысының осы бастамасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуше шақырамыз. Латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!», - деп түйіндеді сөзін төрайым.
Латын әліпбиін талқылау жөніндегі отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА кеңесінің, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ғылыми-сараптамалық топтардың, кафедралардың және Ассамблея құрылымдарының басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері және мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарынан өкілдер қатысты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |