« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ruh.kz порталына кез келген интернет қолданушы латын әліпбиі туралы пікірлері мен сұрақтарын қалдыра алады. Бұл жаңадан қабылданатын латын әліпбиі нұсқасына әсер етеді. Бұл туралы Qazcontent АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов Ruh.kz бірыңғай ақпараттық порталының таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Латынға көшу туралы маңызды жобаны таныстырсам деймін. Парламентте 25 әріптен тұратын латын әліпбиінің жобасы ұсынылған болатын. Пікірталас қорытындысы барынша әділ болуы үшін біз интернет қолданушыларға белсенділік танытып, келесі жобаға қатысуды ұсынамыз. «Латынға өту» айдарында ертеңнен бастап кері байланыс қызметі іске қосылады. Бұл дегеніміз не? Кез келген қолданушы латын әліпбиіне өту туралы өз пікірі мен ойын, ескертулерін порталға қалдыра алады», - деді Евгений Кочетов.
Қолданушылардың ойы мен пікірін арнайы оперативті режимде портал қызметкерлерімен бірге тіл институтының қызметкерлері қарап, сол тұрғыда жұмыс істейтін болады.
«Барлық пікір, ұсыныс, сұрақтарға назар аударамыз. Мұның бәрі жаңа әліпби нұсқасын қабылдауға әсер етеді. Бүгінгі күні әрбіріміз «ВКонтакте», «Фейсбук», «Инстаграмда» отырамыз, өз сұрақтарыңыз бен ескертулеріңізді #latyn хэштегімен белгілеп, әлеуметтік желіге жарияласаңыздар жеткілікті. Біз мұны көреміз және сайтқа орналастырамыз. Кері байланыс болады. Сұрақтар мен пікірлер Парламентте талқыланып жатқан заң жобасында қарастырылады», - деп сөзін аяқтады Евгений Кочетов.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |