« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазалы ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық форум ұйымдастырылды.
Шараға аудандық құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, аудандық қоғамдық кеңес, жергілікті қоғамдастық мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Форумда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Изкенов, Қазалы ауданының прокуроры Бақытжан Мырзабаев, адандық жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Ахметовхабарлама жасады.
Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Қазалы аудандық бөлім басшысы Еркін Құсан аудан жастары атынан үндеу жариялап, форумға қатысушыларды жемқорлықпен күресте бірге болға шақырды.
Форумға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында әзірленген бейнероликтерді көріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дайындалған кітап және сурет көрмелерін тамашалады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |