Қызылордалық спортшылар 592 медаль жеңіп алды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов биылғы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы тұрғындар үлесінің 26,5 пайызын құрап, 203 594 адамға жетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113 млн теңге бөлініп, облыстың 138 елді мекенде 270 спорт нұсқаушылары жұмыс жасап, олар 41 040 тұрғынды спортпен шұғылдандыруда. Жыл басынан бері саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыста 1040 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 234 587 адам қатысты.

Оныңішінде маңызды шаралардың бірі, ұлттық өнеріміз – Қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі өткізіліп, 7000-нан аса спортшылар қатысып, нәтижесінде биыл Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы» атанып, халықтың қуанышына бөленді.

 Ауылдық денешынықтыру қозғалысын дамыту мақсатында ауыл спортшыларының VI облыстық «Ақ бидай»  спорт ойындары өтті. Қазіргі таңда  Ақтөбе қаласында өтіп жатқан республикалық «Ақ бидай» спорт ойындарына облыстың құрама командасы спорттың  14 түрінен қатысуда. Сондай-ақ, ҚР Спорт күніне бұқаралық велошеру өтсе,  Конституция күніне 3200 қала тұрғындарының қатысуымен марафон өткізілді.

Биыл облыстық бюджеттен Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде 7спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Айтулы нысандар 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. Спортпен шұғылданушылар санын арттыру барысында «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенііске қосылды. Спорт кешенде 1200 спортшы 17 спорт түрімен шұғылданады. 

Қаланың шеткі аймақтарында жастармен жасөспірімдердің спорт нысандарына қолжетімділігін қаматамасыз ету мақсатында Ұлттық Олимпиада Комитетінің қолдауымен заман талабына сай 4 стрит воркауталаңы салынды.

Бұқаралық спортты дамытумен қатар, бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу бағытында жұмыстар жалғасуда. 

Облыс спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттарында 592 медальдарды(161 – алтын, 171 – күміс, 260 – қола)жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында -  62 медаль(20 - алтын, 19 - күміс, 23 - қола) иеленді.

34 – «ҚР-ның спорт шебері», 414 – ҚР спорт шеберіне үміткерлер дайындалды, спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енді.

Жыл басының басты жетістігі – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды. Ташкент қаласында (Өзбекстан) шахматтан өткен Азия чемпионатында Әсел Серікбай 3 дүркін Азия чемпионы атанса, мамыр айында Яссыда (Румыния) оқушылар арасында Әсел 2 дүркін Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Ал Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді.

Сондай-ақ, Ташкентте және Гамбургте бокстан өткен Азия, Әлем чемпионаттарында  Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) күміс жүлделерді иеленді.

Астана қаласында каратэ-додан өткен Азия  чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай(-50 келі)3-ші мәрте Азия чемпионы атанды.

Душанбе (Тәжікстан) қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 1 қола медальдарды иеленді. ОларӘліби Қалила (55 келі),Әліби Болатұлы (80 келі) мен  Мақсат Садығұловтар (85 келі) Азия чемпионы атанса, Ерсұлтан Аблахатов (65 келі) қола жүлдені иеленді.

Тайбэйде (ҚХР) өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиада   ойындарында ауыр атлетикадан  Рүстем Сыбай (94 келі) күміс жүлдені иеленді.

Сонымен қатар, Астанада тоғызқұмалақтан өткен Әлем чемпионатында Хәкімжан Елеусінов (классика) 3 дүркін Әлем чемпионы атанса, рапид түрінен қола жүлдені иеленді. Қыздар арасында классика түрінен Ақерке Кенжебекова қола жүлдені еншіледі.

Астана қаласында «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қызылорда облысының мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтті.

Сондай-ақ, оқушылар арасында 2 дүркін Әлем, 3 дүркін Азия чемпионы Әсел Серікбай 12 тақтада бірмезгілдік сеанс өткізді.

Жыл басынан бері спорт түрлерінен 11 ҚР чемпионаттары,3 халықаралық турнир, 35 республикалық турнирлер,балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 27 облыстық біріншіліктерұйымдастырылып өткізілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2017 г. 570 0