« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ғалымдар көріксіз еркек отбасында бақытты болатынын дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Флорида штатындағы Университеттің зерттеушілері көріксіз ер мен сұлу әйелдің некесі берік болатынын дәлелдеп шығыпты.
Бақытты некенің шарты өте қарапайым. Егер әйелі күйеуінен сүйкімдірек болса, онда ер азамат үнемі әйелінің көңілінен шығу үшін барын салатын көрінеді. Олар әйелдеріне үнемі сыйлық беріп, үй шаруасында көмектесіп, өздерін төсек қатынасында да жақсы көрсетуге тырысады екен. Осының нәтижесінде, көріксіз еркек әйелінің өзін бақытты сезінуіне себепкер болады дейді ғалымдар.
Керісінше, егер әйелі күйеуіне қарағанда сүйкімсіздеу болса, онда ол күйзеліске ұшырайтын көрінеді. Олардың диетаға отырып, физикалық жаттығулар жасауға уақыт бөліп, өздерін сексуалды көрсетуге тырысатыны анықталыпты. Ал өзін әйеліне қарағанда сымбаттырақ санайтын еркектер әйелдеріне үй шаруасында көмектеспей, керісінше қарым-қатынастарын да түзеуге тырыспайтын болып шығыпты.
«Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әйелі күйеуіне қарағанда көріксіздеу болса, отбасында қиындықтар туындап, некеге теріс әсер етуі мүмкін», - дейді зерттеуші Таня Ренольдс.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |