Трамптың тоғызыншы немересі дүниеге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп тоғызыншы рет ата атанды. Жаңалықты ұлы Эрик Трамп өзінің Twitter парақшасында жариялады.
«Мен және Лара Трамп (Эрик Трамптың әйелі) ұлды болғанымызға өте бақыттымыз. Эрик Люк Трамп бүгін таңғы 8.50- де туылды», - деп жазды Эрик Трамп.
АҚШ президенті ұлы мен келінін ұлды болғандарымен құттықтады.
«Эрик пен Лараны ұлдарының дүниеге келген күнімен құттықтаймын!»,- деп Twitter-де жазған. Бүгінгі күнге дейін Дональд Трамптың сегіз немересі болған. Кіші Дональд Трамптан бес және қызы Иванка Трамптан үш немере көрген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қыркүйек 2017 г. 961 0