Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 14 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.
Жел солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Осыған байланысты, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.









ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қыркүйек 2017 г. 463 0