
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханадағы жастарымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Кездесуге орталық қызметкерлері мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда. Еркін форматта өткізілген бұл кездесулерде жастардың пікірі тыңдалып, ұсыныстар мен сауалдарға жауап берілді.
Жастармен кездескен мамандар мемлекеттік бағдарламар туралы ақпарат берумен қатар, жастардың жат әдетке бой алдырмауы, білім мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүруге талпынуы сынды мәселелер сөз болды.
Сондай-ақ, кездесулерде орталықтың мүмкіндіктері толық таныстырылды.
Облыстық жастар ресурстық орталығы бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 көрерменге негізделген арнайы спорт алаңымен, коворкинг орталықпен қамтамасыз етілді. Орталықта жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған үйірмелер де өз жұмысын тұрақты жүргізуде.
Осы және басқа да ақпараттармен таныс болған жастар ойларын ашық жеткізіп, орталық еріктісі болуға ықылас танытты.