Apple компаниясы үш жаңа «айфонды» таныстырды

Америкалық Apple компаниясы 12 қыркүйекте бірден жаңа үш "айфонның" түрін жарыққа шығарды. Компания жетекшісі Тим Кук iPhone X-ды "үлкен секіріс" деп атады.
iPhone X жеңіл, жіңішке және ашық түсті. Ол 999 АҚШ доллары шамасында тұрады. Ал iPhone 8 және iPhone 8 Plus моделдері 699 және 799 доллар тұрады.
Телефонның үш түрі де сымсыз қуатталады.
«Оныншы» моделі 3 қарашада сатуға шығарылады. Ал "сегіздіктің" екеуі де осы айда сатыла бастайды.
Мұнан бөлек Apple тұсау кесерінде «ақылды сағаттардың» жетілдірілген түрлері мен теледидар үшін видеостриминг таныстырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қыркүйек 2017 г. 627 0