
АҚШ-тың Невада штатындағы Атлеттер комиссиясы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында өтетін жекпе-жекке реферилерді тағайындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Шаршы алаңда жүріп төрелік ететін америкалық тәжірибелі рефери Кенни Бейлис болды. Жекпе-жекті америкалық төрешілер бригадасы қызмет атқарады - Эделейд Берд, Дэйв Моретти (екеуі де Невада штатынан) және Дон Трелла (Коннектикут).
Кейбір фанаттар жекпе-жекті төрешілер шешетін болса, Лас-Вегаста Головкинге жеңісті бермеуі мүмкін. Олардың қауіптенуіне себеп бар дейді.
2014 жылы Лас-Вегаста Альварес Эрисланди Ларамен өткізген жекпе-жегінде тең түскен еді, алайда төрешілер жеңісті мексикалыққа беріп жіберді. 2013 жылы Мейвезер мен өткен кездесуде бір төреші тең ұпай берген, бірақ Мейвезердің басымдылығы айқын болған еді.
Айта кетейік, Головкин - «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.
Baq.kz