Лос-Анджелесте Головкинді қолдау акциясы өтті

Лос-Анджелесте тұратын отандастарымыз Геннадий Головкинге қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның туын ұстап қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«GGG – біздің чемпион. Лос-Анджелесте көптеген тұрғын «Канелоға» жанкүйер болады, өйткені мұнда мексикалықтар көп. Біз де достарымызбен бірге Головкинді қолдауға шықтық», - дейді видеороликтің авторы Александр Михайлов.
«Алға, Қазақстан! Алға, GGG!» — деп ұрандатты Головкиннің жанкүйерлері.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Канело жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді.

Baq.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қыркүйек 2017 г. 444 0