Қызылорда. Облыстық футбол федерациясында жас футбол төрешілері мектебінің алғашқы оқу болып өтті. Оған келешегінен үміт күттіретін жастар жиналды.
Олардың алдында аталмыш федерацияның төрешілік-инспекторлық комитетінің төрағасы Акмаль Холматов пен ФИФА ассисенті Серік Жаппасбаев дәріс өткізді. Бұл дәрістің маңызы ерекше. Үстіміздегі жылы 11 қызылордалық төрешілер Қазақстан фубол федерациясының шақыруымен оқу-жаттығу жиыиына қатысатын болады. Аталмыш шара барысында тәжірибелі мамандар оларға жасыл алаң төрінде қалай жұмыс жасау қажеттігін жан-жақты түсіндіріп өтті. Олардың кейбірі жақында мәресіне жеткен футзалдан белгілі футболшы Әбіл Қалымбетов атындағы турнирде қызмет етті.