Жануарларды заңсыз аулағандар жазаға тартылды

Жануарларды заңсыз аулағандар жазаға тартылды Қызылорда. Өткен жылы облыста құрып кету қаупі төнген жануарларды, оның ішінде ақбөкендерді, сондай-ақ балықты заңсыз аулау деректері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалса, қоршаған ортаға эмиссия бойынша төлемдерді төлеуден жалтару фактілері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың қолданылуын қадағалау барысында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, осы бағытта есепті мерзімде барлығы 42 (2012ж. 6 ай -38) тексеру ұйымдастырылып, олар бойынша 46 (45) ұсыныс, 12 наразылық (4) енгізіліп, онымен 18 (6) актінің күші жойылса (2-уі нормативтік құқықтық акт (2011-ж 4)), әкімшілік жауапкершілікке 161 (29), тәртіптік жауапкершілікке 33 (34) тұлға тартылып, табиғатқа келтірілген 2 млрд. 666 млн. теңгеден астам  (1 млрд. 108 млн.) залал мемлекет пайдасына өндірілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2014 г. 849 0