« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілер саны соңғы күндері күрт көбейді. Бұған бірден-бір себеп 10 қыркүйек күні көрменің жабылуы болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«ЭКСПО-2017» көрмесі 10 маусымда өз жұмысын бастады. Қазақстан халқы мен шетелдік туристер тамашалаған көрме 10 қыркүйек күні салтанатты түрде жабылады. Көрменің соңғы күндері кассадағы кезек көбейіп, «ЭКСПО-2017» көрмесіне елордалықтар мен қала тұрғындары көптеп келе бастады.
«Нұр Әлем» павильонында ұзын-сонар кезек бүгін бітпейтін секілді. Көрме еріктілері қонақтарға Қазақстан павильонынан басқа халықаралық, шетелдік павильондарға кіруді ұсынуда.
Бұған дейін ҚР ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарына «ЭКСПО» көрмесінің жабылу салтанатына байланысты қолайсыздықтарға тап болмас үшін қаладан уақытша кетуге кеңес берген еді.
Еске сала кетсек,»ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйымы қатысып отыр.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |