28 жастағы қызылордалық келіншек әшекей-бұйым ұрлаймын деп видеоға түсіп қалды

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлаған 28 жастағы азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы 04 тамызда 17.30 шамасында ішкі істер органдарына қала орталығындағы сауда үйлердің бірінде гауһар, алтын бұйымдары қолды болғандығы жөнінде шағым келіп түседі. Хабарлама негізінде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен 1989 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, ұсталған. Ұсталған азаматшаның сауда дүңгіршегі (бутик) егесіне келтірген шығын мөлшері 700 000 теңге болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қыркүйек 2017 г. 977 0