
Астанада өткен қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті чемпионатында Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz.
Айбек финалда дзюдодан Еуропа чемпионымен белдесті. Ол қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеңіспен ұтты. Осылайша 2014 жылы өткен «Әлем Барысының» финалисі биылғы чемпионатта алтын белбеуге ие болды. Ал күміс белдеуді Айбекке ғана есе жіберген грузин Гурман Тушишвили жеңіп алды. Моңғолия қазағы Серік Бердімұраттан басым түскен қазақ балуаны Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанды.
Алтын белбеу иегері Айбек Нұғымаровқа 15 млн теңге табысталды. Ал күміс жүлдегерге 5 млн теңге, қола белбеу иесі 3 млн теңгеге ие болды.