
Бүгін Астанада қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті әлем чемпионаты басталды, деп xабарлайды Baq.kz.
Астанада екінші рет «Әлем Барысы» жалауын көтерді. Ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы чемпионаттың ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізіліп отырғанын айтты. Додада әлемнің 39 елінен келген 42 балуан өзара күш сынасып, абсолютті чемпион атануға таласады.
Еске сала кетсек, алтын белбеу иегері 15 миллион теңгемен марапатталады. Сонымен бірге күміс және қола белбеу иелерін де қомақты сыйлықақы күтіп тұр.