
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.
Есепті кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 270 спорт нұсқаушысы 133 елді мекенді қамтып, 41 040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту.
Осы мақсатта облыс аумағында 1040бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 234587 адам қатысты.
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуіміз керек. Соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, атап айтсақ, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылысы басталды.
Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Жоба аясында спорт кешенде 1200 спортшы 15 спорт түрімен шұғылданады.
Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен (демеушілігімен) Қызылорда қаласынан 4 «стрит воркауд» алаңдары салыну жоспарланған болатын (Орталық алаң, Тасбөгет, Мерей м/а, М.Ералиева мәдениет үйі ауласында). Қазіргі таңда, орталық алаң маңындағы «стрит воркауд» алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Орталық стадионның қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді (қосалқы алаңға қосымша көрермендерге 2200 орындық трибуна қоюға жұмыстар жасалуда).
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 16792 оқушы 32 спорт түрімен шұғылданады.
Жыл басынан бері облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 563 медальдарды (152 – алтын, 160 – күміс, 251 – қола) жеңіп алса, Азия және Әлем чемпионаттарында - 53 медаль (15 - алтын, 16 - күміс, 22 - қола) иеленді.
34 – «ҚР-ның спорт шебері»,414 – ҚР спорт шеберіне үміткерлер дайындалды, спорт түрлері бойынша 420 облыс спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.
Жыл басының басты жетістігі ол – мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды.
Румынияның Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз Әсел Серікбай 2 дүркін Әлем чемпионы атанып, Еліміздің туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды шырқатса, Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді.
Астана қаласында каратэ-додан өткен 14-ші Азия чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлдені иеленіп, 3-ші мәрте Азия чемпионы атанса, ауыр атлетикадан Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында Рүстем Сыбай күміс жүлдені иеленді.
Германияның Гамбург қаласында бокстан өткен 19-шы Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдені иеленді.
Сондай-ақ, Астана қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен республикалық турнирде жерлесіміз Еламан ЕрғалиевҚазақстан Барысы атағын жеңіп алды.
Спорт түрлерінен 11 ҚРЧ (ауыр атлетика, грепплинг, панкратион, волейбол, қазақ күресі, гандбол, мәнерлеп сырғанау, велоспорт, тоғызқұмалақ, грек-рим, шахмат, қазақ күресі)3 халықаралық турнир, 35 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 27 облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілді.