Шағын наубайхана өнімдеріне сұраныс зор

Шағын наубайхана өнімдеріне сұраныс зор Қармақшы. Ауданда жеке кәсіпкер Т.Танабаев "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында несие алып, шағын наубайханасының шаруасын дөңгелетіп отыр. 
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні наубайханада жоғары сұранысқа ие нан өнімдерінен бөлек кондитерлік тәтті тағамдардың түрлері пісіріліп сауда нүктелеріне жеткізіледі. Тұтынушы талғамына сай өнімдер көпшіліктің сұранысына ие болып отыр. Жергілікті тұрғындар наубайхана өнімдерінің сапасы жоғары екенін айтады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2014 г. 1 061 0