
12 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшырылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран ұшырудың келісілген жоспарына сәйкес, 12 қыркүйек күні Байқоңыр ғарыш айлағынан испандық «Амазонас-5» («Amazonas-5») байланыс серігін алып «Протон-М» тасымалдаушы зымыраны (ТЗ) ұшырылады. 13 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға шығатын «Союз МС-06» басқарылатын көліктік ғарыш кемесіне (БКҒК) старт беріледі.
2017 жылғы 28 қыркүйекте Байқоңырдан тағы бір «Протон-М» кемесіне старт берілуі тиіс, ол орбитаға Қытайдың «АзиаСат-9» байланыс жасанды серігін алып шығады.