Үздік газ түтіннен қорғаушы және қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші

Өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын көтеру, амал-тәсілдерді арттыру мен дайындығы мықты қызметкерлерді анықтау мақсатында Қызылорда гарнизонының өрт бөлімшелері қызметкерлерінің арасында «Үздік газ-түтіннен қорғаушы» және «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» деген тақырыппен кәсіби шеберлікті анықтайтын байқау өткізілді.
Бірінші бөлімде құтқарушылар теориядан сынақ тапсырды: тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары арнайы бөлімшелерінің және оның міндеттемелері; басқарушы құжаттар, газ-түтіннен қорғаушы қызметінің жұмыстарын реттеу бойынша он сұраққа жауап берді. Одан кейін өрт сөндірушілер бастығы өздерінің білімі мен тәжірибедегі дағдыларын көрсетті.
От пен түтіннің әсерінен психологиялық даярлықтың өрт жолағын бағындыруда Жаңақорған ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ө.Мүбәрак жоғарғы көрсеткішпен «Үздік газ-түтіннен қорғаушы» атағына ие болды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметі ММ № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Ыдырысов Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші атағын иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2017 г. 633 0