
Өрт сөндіру көлігі біреудің өмірін сақтауға асығып бара жатыр, өйткені өртпен арпалыс есебі әрбір секундқа байланысты. Жүргізуші арнайы қосулы белгілермен келе жатқан өрт сөндіру автокөлігіне – жол бергенде дұрыс әрекет етілді деп саналады. Мұны әрқашан орындау қажет пе? Әрине – ИӘ. Тәртіпсіз автокөлік иелері жолдағы әрекеттері жөнінде ойланбайды және дәл сол минутта көмек күтетіндерді құтқаруға мүмкіншілікті тежейтінін түсінбейді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері жергілікті полициямен бірігіп, көлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін тексеру кезінде шақыру орнына өрт сөндіру-құтқару техникасының кедергісіз жетуіне рейд жүргізілді.
Алдын алу жұмысы барысында өрт сөндіру бөлімдерінің автокөліктері мамандандырылған белгілерін қосып, қарбалас сәтте қала көшелерінде жүрді. Тәжірибе жүзінде әрбір көше қиылысында арнайы техника еркін жүріп өтті. Жеке көлік иелері де, сондай-ақ, маршруттық бағыттағы автобус жүргізушілері де жедел жол берді.
Осындай іс-шара тәртіпсіз жүргізушілерді тәртіпке шақыруға және олардың ойлануына, сонымен бірге өрт сөндіру техникасына жол беруге мүмкіншілік береді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөдіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі