Өңір жастары Елбасы мақаласын талқылады

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында ақпараттық насихаттық  топ өкілдері аудан жастарымен  кездесті.

Кездесуді«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарынің міндетін атқаурышы Ахан Кенжебаев ашып, кездесудің мақсат-міндеттеріне тоқталды.

- Ма­қаладағы ой-тұжырымдар бірінші кезекте жастарға арналып отыр. Сондықтан бүгінде басты мақсаттардың бірі – ол жаңғыру жолын­дағы жастар институт­тарының рөлі мен орнын айқын­дау. Бұл ретте олардың мүм­кіндіктері мен әлеуетін күшейту арқылы, жастарымызға құн­дылықтар мен ұлттың мақсат-мұ­раттарын дұрыс жеткізе алуы­мыз маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде сөз алған аудандық«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім  басшысы Айдос Кожамұратов:Тарихтың толқындарын таразылап, ұлт болмысын барынша бағамдаған және алдағы  міндеттерін межелеп берген мақала біздің де тебіренуімізге түрткі болды. Бір сөзбен айтқанда мақаланың басты ерекшелігі жастарға үндеу, оларды ояту, олардың білімді ғана емес тәжірибелі болу керектігін алға тарту болып  табылады»,- деп атап өтті.

- Елбасының Тәуелсіздік жылдарында өз ақылымен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан азаматтардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру идеясымен де танысып шықтық. Жасампаздықтың жарқын жылдарында жақсылықтың жанынан табылған жандардың бұл жинағы жастарүлгілі жоба болары ақиқат деді «Жас Отан» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Айбек Абдрахманов.

Кездесу барысында сөз алғанақппарттық насихат топ өкілі Қуат Ахетов  әр уақытта да жастар қоғамның маңызды бөлігі болып қала беретінін, олардың тәрбиесі өсетін ортасына тікелей байланысты екенін жеткізді.

Кездесу барысында жастардың арасында өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруда жастар ұйымдарының рөлі, жастардың әлеуметтік кемелденуі, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері де сөз болды.

Шара соңында барлық жастардың атынан сөз алған "Темірқазық" қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Нұржұман  Пірназаров: Елбасы үміт артып отырған «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, еліміздің өзге елдермен терезесі тең дамыған елге айналуы жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2017 г. 536 0