« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ауыр атлетикадан қазақстандық құрама бір жылдық диквалификация салдарынан Анахаймада (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына өткізілмеуі мүмкін деп хабарлайды insidethegames.biz порталына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
БАҚ ақпараттарына сәйкес, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) арнайы комиссиясының үш және одан да көп мәрте допингпен ұсталған әлемдегі тоғыз мемлекеттің ауыр атлеттеріне қатысты тексерулері өз мәресіне жақындады.
"Үш адамнан тұратын комиссия IWF Атқарушы кеңесінің Бейжің-2008 және Лондон-2012 кезінде атлеттерінен аттестациядан қайта өткізуде допинг көрсеткіштері қалыпты болған тоғыз ұлттық федерацияны дисквалификациялау туралы ұсынысын қарастыру үшін құрылған. Комиссия осы демалыс күндері Будапештте кездесіп, IWF Атқарушы кеңесінің Бухарестте 30 қыркүйек және 1 қазан күндері өтетін отырысында баяндама жасайды… Тоғыз елдің барлығы әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін", — деп жазады баспа беттері.
Нақты айтар болсақ, Қазақстан мен Ресей (әр құрамада 10 қалыпты допинг-тексеру), Белоруссия (жеті қалыпты сынама), Әзірбайжан (бес), Армения (төрт) және Түркия, Украина, Қытай және Молдова (әр елде үш қалыпты сынама).
Бұл шешімнен АҚШ құрамасы ұтыста болатыны анық. Ол елдің ауыр атлетикадан ерлер құрамасы әлем чемпионаттары кезінде 1997 жылдан бері бірде-бір медаль жеңіп алмаған (Анахаймадағы әлем чемпионаты осы жылы 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында болады).
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |